13
December
2019
"Елімнің ертеңі тәуелсіздік"
13 желтоқсан күні Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінде "Елімнің ертеңі тәуелсіздік" атты 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік іс-шараға Көксу ауданының маслихат депутаты Ғ. Байжуманов Жарлыөзек ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Мерекелік іс шарада әкімшілік бас маманы Қ. Құндақбаев мерекемен құттықтап сөз сөйлеп, ауыл әкімінің алғыс хаттарымен мекеме қызметкерлерін марапаттады. Атап айтсақ Мұсабек орта мектебінің педагог ұйымдастырушысы А.Қадырбаевты, балдырған бала бақшасының тәрбиешісі Б.Бағнұрды, амбулатория медбикесі З. Бектанованы. Мұсабек орта мектебінің директоры А.Бақбанбетова да Тәуелсіздік күніне орай мұғалімдерді және байқаулардан орын алған оқушыларды құттықтап мадақтама грамоталарымен марапаттады.
Мерекелік іс шара концерттік бағдарламамен жалғасты салтанатты жиынға қатысушыларға көтеріңкі көніл кhouseсыйлады.
Мерекелік іс шара концерттік бағдарламамен жалғасты салтанатты жиынға қатысушыларға көтеріңкі көніл кhouseсыйлады.