Пән олимпиадасының қорытындысы
Пән олимпиадасының қорытындысы
Пән олимпиадасына дайындық жұмыстары 2018-2019 оқу жылы қарсанында, жылдағы дәстүр бойынша «Жазғы мектеп» бағдарламасы негізінде тамыз айынан бастап дайындық жұмыстары жүргізілді.Бекітілген кестеге сәйкес пән мұғалімдері оқушылармен қосымша дайындықтарын жүргізіп,қыркүйек айынын жаңа оқу жылында жалғасын тапты.8-11 сыныптар арасында қазақ тілі,ағылшын,орыс тілі,математика,физика,химия,география,биология,информатика,математика, тарих,құқық пәндері бойынша оқушылар кестеге сәйкес дайындыққа келді.
оқушыларды олимпиаданың өту ережелерімен таныстыру жұмысы жүргізілді. Мектепішілік олимпиада қараша айының 27-30 күндері 8-11 сынып аралығында кестеге сай өткізілді. Олимпиадаға оқушылар өз таңдауы бойынша пәндерге бөлінді. Олимпиада екі кезенде өтті. Олимпиаданың 2 кезеңінің де тапсырмаларын пән мұғалімдері дайындады.
Мектепішілік олимпиадаға қазақ тілі пәнінен – 17 оқушы, орыс тілі пәнінен – 12 оқушы, математика пәнінен – 12 оқушы, физика пәнінен – 22 оқушы, тарих және құқық негіздері пәнінен- 13 оқушы, биология пәнінен -18 оқушы, география пәнінен -6 оқушы, ағылшын тілі пәнінен 9, химия пәнінен-19, информатика пәнінен-12 оқушы қатысты. мектіпішілік олимпиадаға барлығы-140 қатысып, екінші турға 98 оқушы өтіп, оның ішінде 41 оқушы аудандық олимпиадаға жолдама алды.
Аудандық олимпиадаға 41 оқушы қатысты. Олимпиада екі кезеңде өтті. аудандық олимпиаданың екінші турына 30 оқушы өтті. Екінші тур қорытындысы мектебіміздің 11 оқушысы жүлделі ІІ-ІІІ орындарды иеленді. Атап айтар болсақ:
№ | Пәні | Оқушы аты-жөні | Сыныбы | Мұғалім аты-жөні | Жұлделі орын |
1 | Қазақ тілі | Нұрдан Елдес | 8 | Ж. Қасымова | ІІ дәрежелі |
2 | Қазақ тілі | Бақытхан Бағжан | 10 | Б.Омашбекова | ІІ дәрежелі |
3 | Ағылшын тілі | Аламанова Алина | 10 | Т.Есимбаева | ІІІ дәрежелі |
4 | География | Серік Айым | 8 | А.Алимова | ІІІ дәрежелі |
5 | Қазақстан тарихы | Абдилда Мерей | 9 | Ж.Қадрахунов | ІІ дәрежелі |
6 | Құқық негізі | Құрман Дария | 9 | Ж.Қадрахунов | ІІІ дәрежелі |
7 | Биология | Әбдікерімқызы Аружан | 11 | Ж.Тулеушова | ІІ дәрежелі |
8 | Физика | Төлеген Роза | 10 | Г.Ахат | ІІІ дәрежелі |
9 | Химия | Қамза Айшуақ | 10 | М.Қадылхан | ІІІ дәрежелі |
10 | Химия | Парақот Жайнар | 11 | М.Қадылхан | ІІ дәрежелі |
11 | Информатика | Тоқташ Сымбат | 10 | Е.Куренов | ІІ дәрежелі |
Олимпиадағамектеп оқушылары өз білімдерін сынау мақсатында үлкен қызығушылықпен қатысты. Осындай олимпиадалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, келешекте аудандық,облыстық олимпиадаға жолдама алудың негізі болып табылады.