21
февраль
2020
«10 күндік»
Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінде 03-12 ақпан аралығында «10 күндік» өткізілді. Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім-тәрбиеден өтеді. Қазіргі таңда осы мәселе, яғни келешек ұрпақтың адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту арқылы білім беру мәселесі алға қойылып отыр.Жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.Сабақ барысындағы ойындар, жаттығулар, тренингтер, шаттық шеңбері балалардың шығармашылықтарын шыңдауға септігін тигізеді.
«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» себебі: өзін-өзі тану пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға тәрбиелейді .Махаббат пен шығармашылық білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. Сол сияқты өзін - өзі тану пәнінің авторы С.А Назарбаеваның туған күніне орай арнайы онкүндік өткізіу біздің мектебімізде дәстүрге айналған. Онкүндікке арнайы жоспар құрылып, әрбір күн ерекше өткізілді.
Өзін-өзі тану пәнінің құрылымын жете түсінген ұстаздар мен оқушылар белсене қатысты. Рухани адамгершілігі мол әріптестерімнен білім нәрімен сусындаған шәкірттердің өсіп шығатынына сенеміз.