30
ноябрь
2021
"1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні"
Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. "Нұр Отан" ХДП XIII съезінде Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін "Жас Ұлан" бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.Тәуелсіздіктің жылдығына орай 2011 ж. 6 шілдеде "Елорда күніне" орай "Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестік құрылды. 26 тамыз күні "Жас Ұлан" ұйымының құрылтайы өтті. Ұйымның Кеңес мүшелері, жұмыс жоспары қабылданды, ресми нышандары бекітілді.
"Жас Ұлан" ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Мұсабек атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта метебінде 2021 жылдың 30 қараша "1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент" күніне орай 1а,ә-5а,ә сыныптары "Жас Қыран" және "Жас Ұлан" ұйымының қатарына қабылдауы өткізілді.
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданған жас ұландар қадамдарыңызға сәттілік тілеп, өздеріңізге «Жас Ұлан» қатарына қабылданғанын растайтын галстуктары мен сертификаттары табысталды.