25
октябрь
2019
«Біз ұрпағымыздың сау болуын қолдаймыз!»
Әлемдік деңгейде ішімдік -қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы басты мәселенің бірі. Ішімдікті тұтынудың алдын алу мақсатында Жарлыөзек ауылдық округінде «Біз ұрпағымыздың сау болуын қолдаймыз!» ұранымен ауыл жастарына дәріс оқылып ауыл дүкендеріне түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.Шараның басты мақсаты:Тұрғындар мен жастар, жасөспірімдер, ата-аналар арасында ішімдіктің зиянымен одан туындайтын аурулардың салдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Шара барысында: Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінде жастарға дәріс оқылды жастарға, ішімдікті тұтынуы көптеген елдердегі қоғамдық денсаулық сақтау саласының басты мәселелерінің бірі болып табылатының және адам денсаулығына зиян екендігін айтып өтті.