Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы » Жетісу облысы Көксу ауданы Мұсабек атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Мұсабек атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы
15
октябрь
2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағына сайкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі»ММ «Мұсабек атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі — Стандарт) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.Мектеп әкімшілігі, педагогтар және кіші қызметкерлер Стандартпен таныстырылсын.
3.Стандарт мәтіні мектеп сайты, әлеуметтік желілеріне жариялансын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау ДТІЖО Қ.Солтыбаевқа жүктелсін

«Мұсабек атындағы орта мектеп» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Басқарманың осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасыпың Заңының 10-бабы 2-тармағына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарга сайкес әзірленді.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – Мұсабек атындағы орта мектебінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытгалған ұсынымдар жүйесін айқындау болып табылады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
4. Мектеп қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты іс- қимылды қалыптастыру;
5. Мектеп қызметкерлерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауга бағытталган іс-қимылдары мен шешімдерін нақты айқындау;
6. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу;
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басымдыққа алу;
3) жариялылық пен айқындық;
4) мемлекет пен азаматтың қоғамдық өзара іс-қимыл жасауы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемцорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
2-тарау. Мектеп қызметкерлерінің іс-әрекет қағидалары
8. Мектеп қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру барысында:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге және қорғауға Қазақстан Республикасыныц заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде олардың жолданымдарын, хабарларын, пікірлері мен сұрау салуларын қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;
2) адал, әділ және қарапайым болуға, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты қaбылдaнaтын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан қалқының бірлігі мен елдегі этносаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, сондай-ақ Қазақстан қалқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
5) өзінің іс-әрекетімен және мінез- құлқымен қоғам тарапынан сынға негіз бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және қызметін жетілдіру мақсатында сындарлы сынды пайдалануға;
6) шындыққа сәйкес келмейтін немесе тексерілмеген мәліметтерді
таратпауға;
7) жеке және заңды тұлгалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге;
8) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді жеке, соның ішінде мүліктік және мүліктік емес пайда алу мақсатында пайдаланбауға.
9. Мектеп директоры өз құзыреті шегінде басқарушыльқ және өзге де шешімдерді әзірлеу мен қабылдау барысында:
1) қол астындагы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін нақты айқындауға;
2) еңбек жүктемесін жұмыс тәжірибесі мен атқаратын лауазымын ескере отырып, қол астындагы қызметшілер арасында біркелкі бөлуге;
3) қол астындағы қызметкерлердің жұмыс нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-aқ оларды көтермелеу немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану барысында әділдік пен объективтілік танытуға;
4) қол астындағы қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке және теріс мінез-құлыққа жол бермеуге;
5) қол астындағы қызметкерлерге лауазымдық міндеттеріне кірмейтін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, сондай-ақ орындалуы мүмкін емес өкімдер мен тапсырмалар бермеуге;
6) қол астындағы қызметкерлерге қызметтік міндеттеріне қатысы жоқ немесе жеке сипаттағы тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеуге;
7) қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол беруіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол астындағы
Қызметкерлердің тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алуды және жолын кесуді қамтамасыз етуге;
9) мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеуге және оны реттеу бойынша уақытылы шаралар қабылдауға.
10. Мектеп қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ лицeнзиялық рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарында, Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол бермеуге;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде, оның ішінде қаржы нарығы субъектілерін қоса алғанда, қызметтерді тұтынушылардың
пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, тұрақты негізде шаралар қабылдауға;
қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
4) қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және қажетті құжаттардың нысандары туралы толық әpi нақты ақпарат ұсынуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған бекітілген тізімге кірмейтін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпеуге және сұрамауға;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналган өтініштерді және
7) қызмет алушылардың шағымдарын қарау кезінде шатастыруға жол бермеуге, оларды белгіленген мерзімдерде қызметтік емес қарым-қатынас орнатпауға және өтініш берушілермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде тікелей байланысты барынша азайтуға;
8) қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында заңсыз бас тартуға жол бермеуге;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қогамдық мониторингінің нәтижелерін қарауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған рәсімдерді жеңілдету, мерзімдер мен құжаттар тізімін қысқарту арқылы мемлекеттік қызмeт көрсету процесін одан әpi оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
11. Мектеп басшысы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде:
1) азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құқықтары мен бостандықтарын сақтау қамтамасыз етуге;
2) заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін бұзуға жол бермеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге.
12. Мектеп қызметкерлерін іріктеу және орналастыруға қатысты кадрлық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде:
1) тағайындауға арналған материалдарды қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау;
2) жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлерге олардыц негізгі міндеттері, тыйым салулар мен шектеулер туралы толық тусінік беру;
3) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау;
4) Мектеп қызметкерлерінің жеке деректері туралы ақпаратты жария етуге жол бермеу;
5) Жұмысқа орналасуға кандидаттардан еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;
6) Мектеп қызметкерлеріне қатысты объективті және жан-жақты қызметтік тексерулер жургізу.
3-тарау. Өзге де шектеулер, тыйымдар және талаптар
13. Мектеп қызметкерлеріне өз құзыреті шеңберінде міндетті:
1) Қазақстан Республикасының Президентінің саясатына адал болуға және оны жүйелі түрде іске асыруға;
2) заңдылық қағиданың басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Конституциясының, зaңдapының және басқа нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Бөлім туралы заңнаманы қатаң сақтауға;
3) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген акілеттіктерге адал және бейтарап болуға, сондай-ақ өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауға;
4) мемлекеттік меншікті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуге, оны ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
5) Бөлім сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты тиімді және мақсатты пайдалануға;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге, сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтардың алдын алуга ықпал етуге және оларды болдырмауға;
7) Мектеп қызметкерлері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде алынған кез келген ақпаратты, оның ішінде үшінші тұлғаларға қатысты қызметтік, коммерциялық (оның ішінде бағалы қағаздар нарығында), банктік, микрокредит беру, коллекторлық қызмет, сақтандыру, зейнетақы жинақтары және жеке салымдар (жинақтар), мемлекеттік құпияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттың жүйелерден алынған ақпаратты жария етпеуге;
8) мүдделер қақтығысын болдырмау және оны шешу жөнінде шаралар
қабылдауға;
9) туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы белгілі болған бойда тікелей басшыны немесе Бөлім басшылығын жазбаша хабардар етуге;
10) eгep мүдделер қақтығысы туындаса, лауазымдық міндеттерді орындауды тоқтатуға;
11) Мектеп қызметкерлері оң имиджін сақтау үшін мінез-құлықтың адеп нормаларын сақтау, лауазымдық міндеттерді орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету жане жеке тұлғалармен, заңды тұлгалардың өкілдерімен басқа да сыртқы жане ішкі өзара іс-қимыл жасау кезінде дұрыс іс-қимыл көрсетуге.
11. Мектеп қызметкерлеріне мынандай әрекеттерге тыйым салынады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа ұштасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттерді жасауға;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыруға;
3) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға
итермелеу немесе көндіруге;
4) Басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмeтiнe заңсыз араласуға;
5) Мектептің қалыпты жұмысын бұзатын немесе лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін қызметке қатысуға;
6) жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмeтiнe қатысты мемлекеттік реттеу, бақылау жане қадағалау функцияларын үшінші тұлғаларға беру немесе өз мемлекеттік функцияларын оларға тапсыруға;
7) Келіп түскен немесе қызметтік іс-шаралар кезінде мектепке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беруге;
8) Өзінің жақын туыстарының (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, ағай-іні, апа-сіңлі, аталары, әжелері, немерелері), жұбайының және жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға
байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілетгілігін пайдалануға;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес, өзінің жақын туыстарымен (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, ағай-іні, апа-сіңлі, аталары, әжелері, немерелері), жұбайымен және жекжаттарымен бірлесіп жұмыс істеуге;
10) eгep мүдделер қайшылығы туындаса, лауазымдық міндеттерді орындауға;
11) үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;
12) өтініштерді тарау жане шешімдерді қабылдау кезінде заңды және (немесе) жеке тұлғаларға құқыққа қайшы артықшылықтар беруге;
13) өзінің лауазымдық жағдайын мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында пайдалануға;
14) біреуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кәсіпкерлік және кіріс алу қызметтері бойынша кез келген жәрдем көрсетуге;
15) материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер ұсынған үшінші тұлалардың пайдасына іс-әрекеттер (әрекетсіздік) үшін қабылдауға;
16) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып, заңды немесе жеке тұлғалардан, олардың өкілдерінен немесе үшінші тұлғалардан мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды, ақша, көрсетілетін қызметтер немесе өзге де нысандар түрінде сыйақы алу үшін өкілеттілікті пайдалануға;
17) Мектеп қызметкерлеріне және өзге тұлғаларға олардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер немесе артықшыльқтар алу мақсатында сыйлықтар беруге немесе қызмет көрсетуге;
18) инвестициялық қорларды пайдаланып, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға;
19) кредиттер мен несиелер алу, бағалы қағаздарды, жылжымайтын мүлікті және өзге мүлікті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануға;
20) өзінің қызметтік қызметін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, баста мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік мақсаттан тыс пайдалануға;
121) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе шығару мақсатында ресми таратылмайтын қызметтік және өзге ақпаратты пайдалануға;
22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тарау және өз құзыретіне кіретін өзге мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін бұзуға;
23) осы ақпаратты ұсынуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жеке немесе заңды тұлғалардан ақпаратты талап етуге;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпаратты жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруден негізсіз бас тартуга, оның мерзімін кешіктіруге, анық емес немесе толық емес ақпарат беруге;
25) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдарға жататын ойын мекемелерінде, сондай-ақ оған арналмаған орындарда немесе телекоммуникациялық желілерді, соның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бас тігуге қатысуға тыйым салынады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

12. Мектеп қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауға міндетті.
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мектеп қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
14. Мектеп қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауын бақылау міндеті басшыға жүктеледі.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив