13
March
2020
«Туады ерлер-Ел үшін»
Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толды. Бұл Mayдан енді есейген бозбалаға бауырдың жақындығын, жүректің батылдығын, бейбіт күннің қадірін білуге ұғындырды. Әрине, арада отыз бір жыл уақыт өтсе де отты жылдар салған жүректегі сызат әлі жазыла қойған жоқ. Бүгінгі таңда өмірін оқ пен оттың арасында өткізген ауған соғысы ардагерлеріне бүгін Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінің акті залында «Туады ерлер-Ел үшін» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Ауыл әкімі С. Ихсанов ауған ардагерлерін мерекелерімен құттықтап алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Шараға ауылымыздың ақсақалдар алқасының төрағасы А.Нүрпеисов, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Байжұманов, ауыл имамы Е .Төлеушов және ардагерлеріміз қатысты. Шара барысында Mayданда қаза тапқан жауынгерлерді еске алып бір минут үнсіздік жарияланды. Оқушылар ардагерлерімізге сұрақтар қойып өздерінің дайындаған мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.