20
сентябрь
2019
«Асылдың сынығы-көненің көзі»
Жарлыөзек ауылдық округі Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінің акт залында бәрімізге белгілі 22-қыркүйек күні тілдер мерекесіне орай «Асылдың сынығы-көненің көзі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құрметті. Ол адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өзі ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ. «Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде.Әрбір тіл өз халқы үшін ұлы»-деген Шыңғыс Айтматов, айтқандай! Әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей білуге міндетті. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып, «Өнер алды-қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ»-деп дәріптеген. Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі тіл мәртебесіне ие. Бүгінгі іс-шараға рухани-жаңғыру аясында қонақтар шақырылып кездесуге, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Әдетбекова Әсия Байкенқызы мен орыс тілі пән мұғалімі Айнакөз Таңатарқызы және тарих пәнінің мұғалімі Кадрахунов Жапархан Жұмабекұлы қатысты. Осы іс-шараны өткізген қазақ тілі пәндерінің бірлестіктері ұйымдастырып, осы іс-шараға үлкен үлестерін қосып ата-баба дәстүріне орай қазақ халқымыздың тілін қастерлей келе қадірлеп. Көріністер қойып және ән-шашу тарту етті. Тіл мерекесіне орай қабырға газеттері ілініп және сынып жетекшілердің сынып сағаттары мен тәрбие сағаттары өткізілді.