«Қарттарым – асыл қазынам» » Жетісу облысы Көксу ауданы Мұсабек атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Мұсабек атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2019

«Қарттарым – асыл қазынам»

Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінде 2019-2020 оқу жылындағы «Қарттарым - асыл қазынам» атты тақырыпта акциясы. 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Биыл да мерейлі мереке өз деңгейінде аталып өтілмек. Дәстүрлі жиындардан бөлек еліміздегі 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясына үндеу болды.Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.
«Қарттарым - асыл қазынам» атты тақырыпта Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен Жарлыөзек ауылындағы ауыл қарияларының үйіне барып өз комектерін көрсетті, атап айтар болсақ: Ж.Ж.Тулеушова, А.Б.Қадырбаев, Е.Түктібаева, К.С.Солтыбаев, Н.Қадар, А.С.Алимова ауыл қарияларының мекен - жайларына барып ауласын тазалап, отынын жарып, бақшаларына үй іші жинауына өз көмектерін көрсетті.
Біз қазақ халқы қарияларын силаған елміз ғой сол ата - баба дәстүрін ұмытпаған осынау қартайған шақтарында жәрдемші болған жастарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Қайырымдылық акциясына өз үлесімізді қосып, қарттарға қолқанат болуды әрқайсымыз өзімізге борыш санауымыз керек.
Қартайдым деп, қайғырма.
Жастарың бар артыңда.
Жалғызбын деп, қайғырма.
Жақсылар бар артыңда деген осы болар десе, жастар жағы тағыда келетіндіктерін айтып саулықтарын тілеп тарқасты.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив