28
февраль
2020
«Жарлыөзек аруы-2020»
2020 жылдың 28 ақпан күні жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы мен Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінің педагог ұйымдастырушысы А.Б.Қадырбаев және «Жасұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Жарлыөзек аруы-2020» атты байқау өткізілді.Әдетте ару қыздарды сымбаты мен сәні үйлескен нәзіктік пен шырайлы сұлулықтың иесіне, дүниенің алтын діңгегіне балаймыз. Бұл теңеу өмірдің гүлі, көркем жандарға лайық. Аналар мерекесі қарсаңында тоғыз бойжеткен «Жарлыөзек аруы-2020» атағын иемдену үшін өзара сынға түсті.Шараның мақсаты:Қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық, шеберлігін бағамдау арқылы жеңімпаз аруын анықтау мақсаты көзделді. Байқау 4 кезеңнен тұрды, 9 қыз қатысып, өз бақтарын сынап, бірі эстрадалық әндерді шырқаса, енді бірі би билеп, көйлек киіп, өнерлерін көрсетті. Әділ қазылар алқасында Көксу ауданының жастар ресурстық оралығының жетекшісі Дүйсенбаев Қуаныш Серікқазыұлы және Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы М.Тұрғамбаева, Балдырған бала бақшасының әдіскері Л.Дюсенбева Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Қасымова, және 2019 жылы өткен «Мисс Жарлыөзек 2019» байқауының женімпазы А. Омарханқызы әділ бағаларын берді. Байқауда 9 үміткердің бесеуі ақтық кезеңге өтіп жеңімпаз болуға лайықты екендерін далелдеді. Нәтижесінде барлық бауқауға қатысушыларға арнайы алғыс хаттармен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Лучший деп таңылғандарды жүлделі орындар берілді. «Көрермен көзайымы» - Болатқызы Айнур, «Кешкі көйлек»- Қабдул Жанбота жүлделі ІІІ орынды – Бауыржанқызы Назерке, ІІ орынды – Байғалықова Адина, І орынды – Иманғалиева Меруерт және Ерғажы Жұлдыз-ай «Жарлыөзек аруы-2020» байқауының жеңімпазы атанды. «Қыз емес қыздың аты қызыл алтын, көрінер толған айдай жүзі жарқын» дей келе, Халқының сақтай білген ізгі салтын қыздырамыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз.